Экология

Биыл өңірдегі су қоймаларына 36,5 млн шабақ жіберіледі

Өңірдегі су қоймаларына мемлекеттік тапсырыс бойынша 36,5 млн шабақ жіберіледі. Балық түрлері – сиг пен тұқы тұқымдастар. Бұл жайлы ҚазАқпарат жазды. Өзен-көлдерді балықтандыру 2 кезеңмен жүргізіледі. Бірінші болып сәуір айында сиг тұқымдастар босатылады. Оның дернәсілдері қазір петропавлдық балық тәлімбағындағы бассейндерде өсіріліп жатыр. Барлығы – 35,5 млн тіршілік иесі. Оның 30 млн-нан астамы – Сергеев, қалғаны Петропавлдағы су қоймасына төгілмек. Ал тұқы балығы су қоймаларына салмағы 12 грамға жеткен кезде күзге қарай жіберіледі.

 

Алдияр Айтпаев