Денсаулық сақтау

СҚО-да “Қазақстан халқына” ҚҚ қолдауымен оңалту орталығы ашылады

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін еліміздің 6 өңірінде оңалту орталықтары ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы “Қазақстан халқына” ҚҚ кеңесінің отырысында айтылды. Бекітілген қайырымдылық жобасы бойынша әкімдік мамандары тиісті инфрақұрылым мен кадрларды іріктейді. Бүгінгі таңда бұл жұмыс барлық өңірде аяқталды. Сонымен қатар, оңалту орталықтары мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының құрамында жұмыс істейді, ал медициналық оңалту қызметтері МӘМС жүйесі аясында көрсетіледі.

 

Гульден Симбаева