Қоғам

Сайлауға қатысудың маңыздылығы

Маңызды саяси науқанның өтуіне санаулы күн қалды. Наурыздың 19-ында
Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Қоғам белсендісі Павел Афанасьевтің айтуынша, сайлау – халықтың қалауы мен таңдауын білдіретін әдістердің бірі, одан қалыс қалудың реті жоқ.

ПАВЕЛ АФАНАСЬЕВ, СҚО қоғамдық кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы:

– Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Сайлауға қатысу арқылы азаматтар билік өкілдеріне белгілі бар бағыт-бағдар нұсқай отыра осы мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Айтылған мақсат-міндет орындалуы қажет. Біздің болашағымыз – біздің қолымызда. Сол себепті, сайлауға міндетті түрде қатысқан дұрыс.

19-ы күні сайлау учаскесіне келген дауыс берушіге 5 бюллетень беріледі.
Павел Афанасьевтің айтуынша, аралас сайлау жүйесі белгілі бір саяси партияны ғана емес, жеке кандидаттарды да таңдауға мүмкіндік береді.

ПАВЕЛ АФАНАСЬЕВ, СҚО қоғамдық кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы:

– Мәжіліс 70 те 30 квотасы бойынша құрылады. Орындардың 70 пайызы –
партия өкілдеріне, 30-ы бірмандаттыларға немесе мажоритарлық сайлау жүйесімен келе жатқан үміткерлерге беріледі. Облыстық мәслихат 50 де 50 қатынасында құрылады. Ондағы орындардың тең жартысы, ал бұл – 15 орын, оған саяси партиялардың өкілдері жайғасады, қалғаны мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша өткен өкілдерге беріледі. Қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары тек мажоритарлық жүйе бойынша ғана таңдалады.

Алдағы сайлауға қатысу үшін ел бойынша 14 мыңнан астам кандидат ұсынылды. Оның 556-сы – солтүстікқазақстандықтар.

 

Гульден Симбаева