Экономика және қаржы

Қазақстандықтардың депозиттік салымы 20 трлн теңгеге жуықтады

Ұлттық банктің мәліметі бойынша қазақстандықтардың депозиттердегі ақшасы 19,8 трлн теңгеден асқан.
Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 22,2%-ға немесе 3,6 трлн теңгеге көп. Жинақтың басым бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі, олар 13 жарым трлн теңге жинаған, қалған 6 трлн-нан астамы заңды тұлғалардыкі. Мерзімді депозиттегі қаражаттың дені ұлттық валютамен салынған. Қалалардың ішінде алматылықтардың жинаған ақшасы көп – 8,4 трлн теңге.
Депозиттен бөлек, банкке қарызы барлар да аз емес.
Биыл қаңтар айында банктер тұрғындарға 684 млрд теңге кредит берген. Жеке мақсатқа қарыз рәсімдегендердің арасында алматылықтар көп. Мегаполис тұрғындары 262,1 млрд теңге кредит алған. Ал елордалықтар мен шымкенттіктер 67 және 52 млрд теңгеге жуық несие рәсімдепті.

 

Самал Жунусова