Сайлау

Алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауы қалай өтеді?

19 наурызда Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтпек. Дауыс беру 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізу нәтижесінде қабылданған жаңа ережемен өтеді. Саяси шараның қалай өтендігіне кеңінен тоқталайық.

Сайлау жүйесі

Негізгі өзгерістер сайлау жүйесіне қатысты. Егер бұған дейін ол пропоционалды болса, қазір әрі мажоритарлық та болып отыр. Бұл жүйе ешбір партиямен байланысы жоқ адамдардың парламент пен мәслихаттарға круге мүмкіндік береді. Яғни, белгілі бір мәселелер бойынша саяси пікірлер көкжейегі кеңейеді. Сарапшылар жаңашылдық арқылы аймақтық мәселелер айқын көрінеді деп отыр.

Алдағы сайлау науқанына СҚО-нан бір мандатты №24 сайлау округі бойынша 13 кандидат тіркелген. Оның екеуі партиялардан ұсынылғандар. Қалғаны өз өзін ұсынғандар. Ал облыстық мәслихатының депутаттығына бір мандатты округтер бойынша өзін-өзі ұсындан 29 кандидат бар.

Кандидаттар

Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін Мәжілістің құрамына 98 депутат кіреді. Оның 69-ы партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтерден сайланады. Демек, депутаттардың 70% пропорционалдық жүйемен, қалғаны мажоритарлық жүйемен сайланады. Аудандық және қалалық мәслихаттардағы сайлау толығымен мажоритарлық үлгі бойынша өтеді.

Сайлаушы қанша бюллетеннен алады?

Бюллетень саны бесеу болады, өйткені тұрғындар аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын таңдауы керек, онда дауыс беру бір мандатты округтер арқылы өтеді. Барлық бюллетеньде «барлығына қарсымын» деген баған болады.

 

Алдияр Айтпаев