Қоғам

СҚО-да 300 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы

Саяси додаға санаулы күн қалды! 19-шы наурызға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына 12 млн-нан астам адам қатыса алады. Ал өңірімізде 300 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Қазіргі таңда облыстық сайлау комиссиясы маңызды шараға дайындалып жатыр. Тұрғындар болса, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайын, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілуіне ат салысатын үміткерлердің топ жарғанын қалайды.

– Ауыратын кішкентай балалар бар. Соларға жеңілдік болса екен. Қазір бәрі қымбат.
– Мен бірде-бір сайлаудан қалған емеспін. Елдің патриоты ретінде осы жолы да дауыс беруге барамын. Сіздерді де шақырамын. Алдағы уақытта өзгеріс боларына кәміл сенімдімін.

 

Байболат Култанов