Білім

Мектеп директорлары “Болашақпен” шетелде білімдерін жетілдіре алады

Мектеп директорларының кадрлық резерві жасақталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Ведомство басшысы білім беру жүйесінің сапалы дамуына және педагог мәртебесін одан әрі дамыту қажеттілігіне ерекше тоқталды. Министрдің айтуынша, Жол картасы білім беру сапасын арттыруға бағытталған 80-нен аса іс-шараны қамтиды. Оның ішінде тәрбиешілерді оқыту және аттестаттау, жаңа модель бойынша даярлық курстарының мазмұнын жаңғырту көзделген.

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР Оқу-ағарту министрі:

– Орта білім берудегі өзекті мәселе – білім мазмұны мен білім сапасы. 2020-2021 оқу жылында мектептердің жаңартылған бағдарламаларға көшуі толық аяқталып, білім беруді критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл өте маңызды өзгеріс болды. Алайда, мониторинг зерттеулеріне сәйкес, жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламалары жетілдіруді қажет етеді. Сонымен қатар, «Білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кадрлық резерві» жасақталады. Резервтегі менеджерлерді «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде тағылымдамадан өткізу көзделген. Бұдан басқа, еліміздің озық тәжірибелі педагогтерінің республикалық базасы құрылады.

 

Алдияр Айтпаев