СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесті. «Samruk-Kazyna Construction» – еліміздегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асырудың бірыңғай операторы. Ұлттық жоба аясында Петропавл қаласының шағын аудандарында 4 мектеп салу жоспарлануда. Биыл 2 мектептің құрылысы басталады. Кездесуде ұлттық жобаны жүзеге асыру және мектептердің құрылысына дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.

 

Байболат Култанов