Спорт

Ғ.Мүсірепов ауданының командасы “Солтүстік-2023” ойындарының жеңімпазы атанды

Чемпиондар чемпиондықты сақтап қалды. “Солтүстік-2023” қысқы спорт ойындарының жеңімпазы – Ғ.Мүсірепов ауданы. Команда доданың 8 спорт түрі бойынша бақ сынап, 6-уында жеңіске жеткен. Атап айтқанда, конькимен жүгіру, президенттік көпсайыс, ринк-бенди, хоккейде және шорт-трек пен шаңғы жарысында қарсылас шақ келтірмеген. Ал керлингтен Есіл ауданының спортшылары оза шапты. Қызылжарлықтар футзалдан топ жарды және жалпыкомандалық есепте күміске қол жеткізді. Үздік үштікті аққайыңдықтар түйіндеді.

 

Алдияр Айтпаев