МТРА жаңалықтары

СҚО-дан қос азаматтығы бар ер адам шығарылды

Облыс аумағынан 2 елдің төлқұжаты бар азамат шығарылды. Ресей Федерациясының тұрғыны Тайынша ауданында болған. Ол Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа тыйым салынғанына байланысты шекара асырылды. Бұл факті “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында әшкереленді. Акция барысында құқықтық тәртіп сақшылары базарларды, құрылыс алаңдарын, шаруашылықтарды тексеруде.
Небәрі 3 күні ішінде шетелдіктер тарапынан 45 бұзушылық анықталған. Жерлестеріміз де заңның ала жібін аттаудан тайынбаған. Өңірде шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 5 фактісі тіркеліпті. Сонымен қатар, 38 солтүстікқазақстандық 3 күн ішінде көші-қон қызметіне өзге мемлекеттің азаматын қабылдағанын хабарламаған.

 

Байболат Култанов