Қоғам

Мемлекеттік қызметтер 1414 желісі арқылы қолжетімді

1414 желісінің мүмкіндігі артты. Бірыңғай байланыс орталығының желісінде тәулік бойы мемлекеттік қызметтер ұсынатын робот іске қосылды. Оның көмегімен Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекке тұру, құжаттардың дайындығын тексеру, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден анықтама алуға болады. Заман игілігі ең танымал 50 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес те береді. Олардың ішінде төлқұжат, жеке куәлік, электрондық цифрлық қолтаңба алу, бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу сынды қызметтер бар. Қоса кетейік, 1414 желісіне қоңырау шалу барлық телефоннан тегін.

 

Байболат Култанов