ТЖ

СҚО-да көктайғақ салдарынан 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Көлік тізгіндеген жүргізушіге де, жаяу жүргіншіге де кесірі тиген көктайғақ. Екі күн ішінде өңірде 33 жол-көлік оқиғасы орын алды. 10 жағдай республикалық жолдарда тіркелді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ, жаяу жүріп сүрініп, жарақат алғындар баршылық. Кешеден бері жарақат зардабын емдеу пунктіне 96 адам жүгінген. Оның 26-сы жедел жәрдем көлігімен жеткізіліпті. Денесіне зақым келген жандардың 13-ші қазір ауруханада жатыр. Жалпы, дәрігерлерге жүгінген тұрғындардың дені жеңіл жарақат алған. 30 адам қол-аяғын сындырып алған. 1 петропавлдықтың омыртқасы сынған және 15 адамның бұлшықеті созылған.

 

Алдияр Айтпаев