Мәдениет

Облыс әкімі Мағжанның мерейтойына арналған челленджге қатысты

Биыл солтүстіктің маңдайына біткен перзенті, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл. Осыған орай солтүстікқазақстандық оқушы Жасмин Қалдыбектің бастамасымен “Мен жастарға сенемін” челленджі басталған болатын. Бүгін бұл шараға облыс әкімі де қатысты. Өңір жетекшісі эстафетаны ҚР Құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменовтен қабыл алып, ұлы ақынның “Мен кім?” өлеңін оқыды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте-бұлт, жерде-желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Көкте – Күнмін, Көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын.
Мен өлмеймін, менікіде өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Өзім-тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім-құран,бағынамын сөзіме!
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!

Бұл челленжді мен ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечинаға және СҚО аудан әкімдеріне жолдаймын.

 

Алдияр Айтпаев