Қоғам

Наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалады

Биыл көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар екі мерекені атап өтеді. Алғашқысы – Халықаралық әйелдер күні. 8 Наурыз мерекесі аптаның сәтті сәрсенбісіне келіп тұр. Сол себепті, ағайын бір күн демалады. Ал ұлыстың ұлы күнінде қазақстандықтар 3 күн бойы тынығады. Атап айтқанда, 21-і, 22-сі және 23-і күндері демалады. Биыл әз Наурыз сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне түсіп тұр. Мемлекеттік мейрам күндерін қоса алғанда қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады.

 

Алдияр Айтпаев