Қоғам

Қазақстандықтар қоқыс тастағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін

Енді қазақстандықтар қоқыс тастағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Бұл туралы “Ашық НҚА” сайтында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жарияланды. Заң бойынша мәжбүрлі еңбекке тек қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы сот актісі негізінде ғана тартылады. Егер адам ұсақ бұзақылық жасаса, қоқысты белгіленбеген орындарға тастаса, мұндай құқық бұзушыға бірнеше АЕК көлемінде айыппұл салудың орнына оны қоғамдық жұмысқа тартуға болады делінген.

 

Самал Жунусова