Білім

Ұстаздарға біліктілікті арттыруға арналған монография ұсынылды

Қала мен ауыл баласының білім алуындағы айырмашылық. Қоғамдағы өзекті мәселені шешу үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының мамандары монография әзірлепті. Сиясы әлі кеуіп үлгермеген еңбек бүгін онлайн форматта 100-ден астам ұстазға таныстырылды. Оқулықта жаңа әдіс-тәсілдер сөз болатын оқыту курстарының зор пайдасы жазылған.

ЛЕЙЛА ӘЛМАҒАМБЕТОВА, “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша филиалының директоры:

– Біздің презентациямызда мұғалімдер жоспарлауы қажет, қолдануы қажет тақырыптар көтеріледі. Мұғалімдер түрлі семинар, курстарға қатысып, дамулары қажет.

Монография 3 бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысында баланың білімге деген қызығушылығын арттыру жайлы жазылған. Ауыл мұғалімдері үшін пайдалы мәлімет молынан.

АЛМА МЫРЗАЛИНОВА, педагогика ғылымдарының докторы:

– Бұл монографияда «Ауыл мектебі» атты бөлім бар. Онда елді мекендегі ұл-қыздардың білім деңгейін арттыру үшін мұғалім ғана емес, әкімшілік те маңызды рөл атқаратындығы жазылған. Басшылық ұстаздардың жаңашылдықты танып-білуге, тәжірибе жүзінде сынауға жағдай жасау қажет. Сонда ғана нәтиже болады.

Монографияның электронды нұсқасы аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жіберілді. Олар еңбекті ұстаздар арасында тарататын болады.

 

Гульден Симбаева