БалаларҚоғам

Көктайғақ бірнеше күнге жалғасады

Босаңсымаймыз, көктайғақ әлі бірнеше күнге жалғасады. Мұндай ақпармен Қазгидромет мамандары бөлісті. Синоптиктердің болжамы бойынша бүгін түнде өңірдің көп бөлігіне қар жауады, ал ертең қар аралас жаңбыр жауады. Салдарынан тағы көктайғақ болады. Мамандар ауа райы жұма-сенбіге қарай тұрақталады деп болжап отыр.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ бөлім басшысы:

– Облысқа атлантикалық циклон ықпал етеді. Ылғал көп. Соның әсерінен өңірде ауа райы құбылып тұр. Қар түсіп, жаңбыр жауып жатыр. Жел де соғып тұр. Салдары көктайғаққа ұласып отыр.

 

Алдияр Айтпаев