Қоғам

СҚО-ның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 571,2 млн долларды құрады

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен өзара сауда көлемі 571,2 млн АҚШ долларын, оның ішінде импорт – 465,8 млн, экспорт 105,4 млн АҚШ долларын құрады. Өңірдің Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен тауар айналымындағы көлемнің басым бөлігі Ресеймен байланысты. Екі арада сауда-саттық көрсеткіші 97,4%-ды құрайды. Содан кейін Беларусь – 2,3, Қырғызстан – 0,2, ал Армениямен сауда-саттық үлесі 0,1%-дан келген.

 

Алтынай Казиканова