Денсаулық сақтау

Өңірде 86 бала тұмау жұқтырған

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша өңірде қазан айынан бері 250 адам тұмау жұқтырған. Барлығы – екпе алмағандар. Сырқаттанғандардың арасында 53 жүкті әйел мен 86 бала бар. Вирусты жұқтырғандардың тең жартысы облыс орталығында тіркелген. Сондай-ақ, соңғы тәулікте 2 солтүстікқазақстандық коронавирус жұқтырып алды.

 

Самал Жунусова