Қоғам

Зейнетке шығуға өтініш тастаған кезде QR-код арқылы қол қоюға болады

Енді QR-код арқылы қол қоюға болады. Мұндай жаңалықты Аikyn.kz БЖЗҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1-ші немесе 2-топтағы мүгедектікке байланысты БЖЗҚ-ға төлемдерді, ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алуға өтініш беріледі. Осыған дейін қызметтің бұл түрі қордың кеңселерінде немесе enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасалатын. Енді ЭЦҚ-ны QR-кодпен қол қоюға ауыстыруға болады. Сондай-ақ, QR-кодты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте өз деректеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу үшін қолданған тиімді.

 

Алтынай Казиканова