Құқық қорғау органдары

СҚО-да ауыл тұрғынынан бір жылда екі рет заңсыз қару тәркіленді

Қызылжар ауданындағы Соколовка ауылының тұрғыны заңға қайшы әрекетін бір жылда екі рет жасап отыр. Одан жуырда 16-шы калибрлі қару табылды. Еш жерде тіркелмеген мылтықты 37 жастағы ер адам мотосүйрегішіне салып алған. Қаруды күзде даладан тауып алдым деген. Мылтық сараптамаға жіберілді. Аталған фактіге қатысты ҚР ӘК 482-ші бабының 2-ші бөлігі бойынша материал жиналды. Ер адам шамамен 100 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

 

Гульден Симбаева