БілімҚоғам

Петропавлда СҚУ-ға тиесілі 1200 орындық 2 жатақхана салынып жатыр

Kozybaev университетінің студентеріне арналқан жатақханалардың құрылысы өткен жылдың маусымында басталды. Мердігер – “Основание” серіктестігі. 1200 орынға шақталған қос нысанның әлі 15 пайызы ғана салыныпты. Құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр. Жобаға республикалық бюджеттен 5 млрд қаржы бағытталып отыр.

РОМАН ТЫРТЫШНЫЙ, «Основание» ЖШС директорының орынбасары:

– Ауд/план/ Студенттер үйі 11 қабатты, 2 блоктан тұрады. Әрқайсысы 600 орынға шақталған. Әр қабатта 3-4 адамға арналған 20 бөлме болады. Әзірге, 1-ші блоктың 3-ші қабатын тұрғызып жатырмыз. Ал 2-ші блоктың 1-ші қабатын бастағанымызға көп болған жоқ. Барынша жылдам әрі сапалы жұмыс істеп жатырмыз.

Құрылыс материалдарының басым бөлігін мердігер компания өзі шығарады. Ғимараттың сырты жапондық панельдермен қапталады. Құрылысшылар бел жазбастан еңбек етіп жатыр. Себебі, студенттер үйін осы жылдың соңына дейін тапсыру қажет. Құрылыс алаңында іске 60-қа жуық маман мен 10-нан аса техника жұмылдырылған. Тас қалаушы Сергей Васильевтің осы компанияда жұмыс істеп жүргеніне 3 жыл болған.


СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВ, «Основание» ЖШС тас қалаушысы:

– Ауд/план/ Күні-түні жұмыс істеп жатырмыз. Кірпіштерді қалап, керек-жарақтарды артып жатырмыз. Жалақымызды кешіктірмей уақытылы беріп тұрады. Бұл жөнінен мәселе жок. Құрылыс материалдары да уақытылы жеткізіліп отырады.

Kozybaev университетінде қазіргі уақытта 6 мыңға жуық студент білім алып жатыр.
Салынып жатқан студенттер үйі алдағы уақытта жатақханадағы орын мәселесін шешуге септеседі. Жалпы, студенттерді жатақханамен қамту туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен күздегі Жолдауында айтқан болатын.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек. Сондай-ақ, барлық мәселенің шешімін табуды мемлекеттің мойнына ілу дұрыс емес деп санаймын. Сол себепті, мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болуы шарт. Әрине, мұны оқу орындарынан біртіндеп талап еткен жөн.

Сондай-ақ, Президент студенттердің жекелеген, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жалдауға кететін шығынын субсидиялау мүмкіндігін де қарастыру қажеттігін айтты.

 


Гульден Симбаева