Құқық қорғау органдары

Патрульдік полицейлер 40-қа жуық қылмысты ашуға септескен

Патрульдік полицейлер күндіз-түні атқаратын 12 сағаттық кезекшіліктері барысында жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Статистика көрсеткендей, қылмыстардың басым көпшілігі сауда нысандарында жасалады. Осындай жерлерде жыл басынан бері 23 ұсақ ұрлық тіркеліпті. Биыл қаладағы қоғамдық жерлерде 43 қылмыс болса, соның 39-ы патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен ашылған.

Ал мамандардың кеуделеріндегі видеожетон мен көліктеріндегі авторегистраторлар арқылы 900-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліпті. Көп жағдайда тұрғындар қоғамдық жерде ішімдік ішкен немесе мас күйінде жүрген. Сондай-ақ, жолда 17 мас жүргізуші ұсталып, рөлде телефонмен сөйлескен 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылған.