МТРА жаңалықтары

Биыл 300 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілмек

Үкімет отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту мәселесі талқыланды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов жергілікті атқарушы органдардан да ақпарат алды. Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс саласы қандай қарқын алғаны туралы өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров баяндады.

Өткен жылы жоспарға сәйкес облыс бойынша 401 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілуі тиіс еді. Соның 299 мыңы, яғни 75%-ы енгізілді. Тұрғын үйді іске қосу көрсеткішін орындамау себептері құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты, жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізіліп, жұмыстар 2023 жылға ауыстырылды. Бұл коммерциялық тұрғын үй құрылысының қарқынына да әсер етті.
Мұнымен қоса, 2019 жылдан бастап облыс аудандарында тұрғын үйді пайдалануға берудің негізгі үлесі «Еңбек» бағдарламасын іске асыру аясында жеке тұрғын үй салу есебінен қамтамасыз етілді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Тұрғын үйді іске қосу көрсеткішіне қол жеткізу үшін 2023 жылы қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, іске асырылатын жобаларды қайта қарау жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Осылайша, жоспар келесі баспаналарды пайдалануға беру есебінен орындалады: бюджеттік құрылыс – 77 мың шаршы метр, коммерциялық құрылыс – 93 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй – 130 мың шаршы метр. +1,35 СКЛ Жалпы, биылғы жылға жоспарланған көрсеткіштер толық көлемде жүзеге асырылатын болады. 

Сонымен қатар, Петропавл қаласының Оңтүстік және Солнечный шағын аудандарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 3 мыңнан астам жер учаскесін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілді.