Қоғам

СҚО тұрғындары банктерге мерзімі өткен берешек бойынша 4,4 млрд теңге қарыз

 

Қазақстанда кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектердің саны көбейді. Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, нашар несиелер деңгейі 645,6 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш шамамен 11,5%-ға өсті. Кешіктірулердің басым бөлігі Алматы мен Астанада. Ал Түркістан мен СҚ облыстарының тұрғындары бұл тізімнің соңғы жағында. Бүгінде теріскейліктер қаржы ұйымдарына мерзімі өткен берешек бойынша 4,4 млрд теңге қарыз. Осы ретте айта кетейік, биыл наурыз айынан бастап төлем мерзімі өткен қарыздары және микрокредиттері бар азаматтар банкроттық рәсімге өтініш бере алады.