Мәдениет

Петропавлда “Әлемдік классика жауһарлары” атты концерт өтті

 

Дирижер – композитор мен оркестр арасындағы дәнекер. Осындай өнерді бойға сіңірген жапондық талант Коки Гонгуй Янг Ақан сері атындағы облыстық филармонияда концерт берді. «Әлемдік классика жауһарлары» атты кеш жергілікті симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтті.


Зал тып-тыныш. Жерлестеріміз жапондық дирижерге тамсана қарап, музыканы біркісідей тыңдап отыр. Кейін ортаға халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары – Дамир Қабденов, Руслан Мұстафин, Василя Габдулина секілді жергілікті таланттар шығып, өз өнерлерін паш етті.

Осылайша, концерттің алғашқы бөлімі аяқталды. Екінші бөлімде Коки Гонгуй Янгтің жетекшілігімен көпшілікке танымал, көңілді де әсерлі шығармалар ойналды. Сүйріктей саусақтар мен таяқшаның сербеуіне ілескен аспап үндері өнерсүйер қауымды елітті, кейде денені тітіркендірді. Көрермендеріміз мынандай пікірде:

– Мен концертте өзімді өте жақсы сезіндім. Маған бәрі ұнады.
– Иә, мен осындай концерттерге жиі келемін. Жиі демалып тұру үшін, ойымды жинақтау үшін әрбір концертті өткізбеуге тырысамын.
–  Маған өте қатты ұнады. Әр түрлі жанрдағы әуендер орындалды. Петропавл қаласында осындай іс-шаралар өтіп жатқанына өте қуаныштымын.

Концерт соңында залдан “Ғажап”, “Тамаша” деген дауыстар да естілді. Шапалақ соғылды. Гүл шоқтарын алып келген жандар дирижермен дидарласып, қолындығыларын тарту етті, жылы лебізін білдірді.