Құқық қорғау органдары

Ереже бұзған шетелдіктер анықталды

Облыста “Шетелдік” акциясы өтіп жатыр. Акцияның бірінші күнінде ереже бұзған 14 адам анықталды. /// Шетелдік қонақтарды үйлерінде паналатып, олардың ел аумағында болу мерзімі аяқталғанын біле тұра құзырлы органға хабарламаған 20 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды. Аталған акцияның мақсаты – заң бұзған жандарды жазалау ғана емес, жалпы халық арасында түсіндіру шараларын жүргізу. Көші-қон қызметінің мамандары үй-үйді аралап, шетелдіктердің ел аумағында болуына қатысты қаңтардың 27-сінен бастап күшіне енген жаңа ережелер жайлы баяндауда.