Денсаулық сақтау

СҚО-да бір тәулік ішінде 6 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда бір тәулікте 62 адамнан коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта тәж вирусынан 2 мыңға жуық адам емделіп жатыр. Оның ішінде 121 науқас – стационарда, қалғаны амбулаторлық деңгейде ем қабылдауда. 6 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Облысқа келетін болсақ, бір тәулік ішінде коронавируспен 6 адам сырқаттанып қалған. Оның біреуі – Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғыны.


Гульден Симбаева