Спорт

Өңір палуандары VI жазғы спартакиадада бақ сынайды

Балуан Шолақ спорт кешенінде палуандар сынға түспек. Ертең Алматыда күрес түрлеріне VI жазғы спартакиада басталады. Бәсі биік бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған боз кілем шеберлері өзара мықтыны анықтайды. Бірінші болып жарыс жорығына классиктер шығады. Өңірімізден грек-рим күресінен додаға 9 салмақ дәрежесі бойынша 14 спортшы қатыспақ. Кейін жарыс тізгіні еркін күрес мықтыларына беріледі. Мұнда солтүстікқазақстандық 12 жігіт белдеспек. Ал әйелдер күресінен өңір намысын кімдердің қорғайтыны белгісіз. Айта кетейік, палуандар бәсекесі ақпан айының 8-ші жұлдызына дейін жалғасады.


Алдияр Айтпаев