Қоғам

Наурыз айынан бастап жастарға 2,5 пайыздық шағын несие беріледі

Наурыз айынан бастап еліміздегі жастарға 2,5 пайызбен шағын несие беріле бастайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлім етті. Атап айтқанда, жастарды кәсіпке тарту үшін 6 мың азаматқа 5 жыл мерзімге 2,5 пайызбен шағын несие беріледі. Несие көлемі 5 млн теңге болмақ.

Ақмәди Сарбасов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі
– Еңбек министрлігі ережені әзірледі. Тиісті бұйрық шығып, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Біздің ведомствоға қатысты шешім қабылданды. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе осы тетік бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы айда жергілікті атқарушы органдар мен Қаржы министрлігі несие келісіміне қол қояды. Сондықтан, келесі айдан бастап беруге мүмкіндік жасалады.


Дана Ешкенова