Kurultai banner mobile

Қоғам

Мүгедектігі бар адамдар портал арқылы 20 мыңнан астам қызмет алған

 

Ағымдағы жылдың алғашқы айында Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 20 мыңнан астам қызмет алған. Портал жарымжан жандарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін, өндірушіні және жеткізушіні өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. Тапсырыс қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 846 медициналық-әлеуметтік мекеме, мыңнан астам техникалық құрал жеткізуші, жеке көмекші мен ымдау тілі қызметін, шипажайлық-курорттық емдеуді ұсынатындар тіркелген.


Дана Ешкенова