Құқық қорғау органдары

Полицейлерге арналған оқу-әдістемелік жиынның екінші кезеңі бастау алды

 

Ұлттық ұлан академиясының базасында полиция мамандарына арналған республикалық оқу-әдістемелік жиынының екінші кезеңі бастау алды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген сала өкілдері қатысып жатыр. Барлығы – 100-ден аса адам. Шара халықтың полицияға деген сенімін арттыру, кадр даярлау сапасын жетілдіру мен мамандарды моральдық-психологиялық тұрғыда дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Теориялық және практикалық сабақтардан тұратын оқу-әдістемелік жиын бір апта бойы өтеді. Сабақ барысында дәріс оқылады, семинар-тренингтер ұйымдастырылады.
Соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі.


Гульден Симбаева