Қоғам

Мүгедектігі бар жандар әлеуметтік қызмет алу рәсімдерін жеңілдетуді сұрайды

 

«AMANAT» партиясының мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында халықпен кездесулер өткізіп жатыр. Жиын барысында партиялықтар мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік жәрдемақыларды арттыру және қызметтерді жақсарту мәселелерін қозғады. Мәселен, Мамлют ауданының тұрғындары мүгедектігі бойынша төленетін зейнетақыдан алимент төлеу, сондай-ақ, қызметтерді ресімдеуді жеңілдету бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды. Ал Жамбыл ауданындағы көпбалалы аналар әлеуметтік жәрдемақы көлемін ұлғайтуды сұрайды. Айтылған ұсыныс-тілектер сайлауалды бағдарламаға енгізіледі. Айта кетейік, қазір алдағы сайлауға дайындық жүріп жатқандықтан партияның қоғамдық қабылдау бөлімшелері уақытша жұмыстарын тоқтатқан.


Дана Ешкенова