Құқық қорғау органдары

Есілдік азаматтан 200 литрден астам заңсыз алкоголь тәркіленді

 

Полиция қызметкерлері баспанадан 219 литр заңсыз алкоголь тәркіледі. Есіл ауданының орталығы Явленка ауылының тұрғыны еден астында ішімдік сақтап, үйінен саудалап отырған. Лицензиясыз тауар 5 литрлік 43 бірдей пластик бөтелкеге және басқа да ыдыстарға құйылыпты. Көлденең жолмен көк тиын табуды көздеген 40 жастағы тұрғынға қатысты әкімшілік материал жиналды.


Гульден Симбаева