Қоғам

Айдарбек Сапаров Қабдырахман Сақтағановтың қазасына байланысты көңіл айтты

 

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Facebook-тегі парақшасы мен Telegram каналында белгілі хирург, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Қабдырахман Сақтағановтың қазасына байланысты марқұмның жақындарына көңіл айтты. Қабдырахман Еркенұлы саналы ғұмырын медицина саласына арнады. Әр жылдары Петропавл қаласының бірінші қалалық ауруханасында хирург-дәрігер, хирургия бөлімшесінде ординатор-дәрігер, облыстық ауруханада бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Үшінші қалалық ауруханаға, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық онкологиялық диспансерге жетекшілік етті. «Ол өзінің терең білімі мен бай еңбек тәжірибесінің арқасында облыстағы денсаулық сақтау саласының дамуына, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын өсіруге зор үлес қосып, хирург ретінде жүздеген адамның өмірін сақтап қалды»,- деп жазды Айдарбек Сапаров.


Алтынай Казиканова