Қоғам

«АMANAT» партиясының бұрынғы депутаттары есеп берді

 

Облыс орталығы мен аудандарда мәслихаттардың бұрынғы депутаттары есеп берді. Олар партиялықтарға өз жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады. Экс-депутаттар күрмеулі мәселелерді шешу барысында мониторинг жүргізіп, партия филиалына хабарлап отырған. Нәтижесінде кейбір проблемалар біржақты етілгендей. Мәселен, Ақжар ауданындағы Дәуіт ауылында тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықталған, ауылішілік жолдарға асфальт төселді, «Ленинградское-Дәуіт» автожолының 12 км учаскесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Еске сала кетейік, алдағы 19-наурыздағы сайлауға дейін барлық депуттар таратылды.


Алтынай Казиканова