Мәдениет

Қожаберген жыраудың дүниеге келгеніне – 360 жыл

 

Жаужүрек, батыр, суырып салма ақын, одан қалды күйшілік өнері де бар. Небәрі 25 жасында Ордабасы атанған. Бір сөзбен айтқанда, сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Биыл дауылпаз баба атанған Қожаберген жыраудың дүниеге келгеніне 360 жыл толып отыр. Осыған орай облыстық балалар кітапханасында әдеби кеш ұйымдастырылды.

Қожаберген жырау сол заманда қазақ халқының басынан кешкен қиындықтарын өзінің шығармаларына арқау еткен. Мәселен, көпке танымал «Елім-ай» дастанында елдің өмірі кеңінен суреттеледі. Өкінішке, қарай жыраудың кейбір туындылары біздің заманымызға жетпей, жойылып кеткен.

ГҮЛМИРА САҒЫНДЫҚОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері:
–  Қожаберген жырау 17 мен 18-ші ғасырдың ортасында өмір сүрген. Ол кезде ақ қағаз болмады. Көп шығармалары халық аузынан тараған. Ол кісі шығармаларын теріге басып жазған. Оны 3 атадан сақтап, Сегіз сері басуға мүмкіндік береді.

Қолбасшы жайлы толық ақпарат іздеп, тереңінен зерттеген жандардың бірі – қазақ театрының актері Нұрбол Асқаров. Ол «Дауылпаз баба» композициялық спектаклінде Қожаберген жырауды сомдаған. Қойылымда жігіттік жасынан бері қарай көрсетіліпті. Бір қызығы, спектакль кезінде өзінің де жасы тура 25-те болған екен.

НҰРБОЛ АСҚАРОВ, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актері:
– «Жігітке 7 өнер де аз» деген бар. Шынында, нағыз сол сөзге лайықты бабаларымыздың бірі болған.
Ол кісінің қылыштасу, садақ ату өнері өте жақсы дамыған, батырларға үйреткен. Егін, ауыл шаруашылығын да қолына алған. Рөл негізі қиын болды. Өйткені, ол кездегі адамдар мен қазіргілермен салыстыру мүмкін емес.

Әдеби кешке Қожаберген жырау атындағы мектептің оқушылары мен студенттер жиналды.


Алтынай Казиканова