Қоғам

Елімізде тұрғындарға көмір жеткізудің жаңа тетігі әзірленеді

Әлеуметтік объектілер мен халыққа тікелей өндіру орындарынан көмір жеткізудің жаңа тетігін пысықтау қажет. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Тау-кен металлургия компаниялары қызметінің өзекті мәселелері бойынша өткен кеңесте ішкі нарықты, әсіресе, шалғайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар, қазақстандық және өзбек инвесторларының қатысуымен екі елдің теміржолдары арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселелері талқыланды.


Алтынай Казиканова