Қоғам

Қазақстанда 10 трлн теңгеге жаңа жобалар пайда болмақ

 

Алдағы уақытта Қазақстанда 10 трлн теңгеге жаңа жобалар іске асырылмақ. Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарланды. Жаңа нысандар 2027 жылға қарай арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарында орналастырылады. Нәтижесінде 30 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделген. Аталған арнайы аумақтарда 200-ден астам жоба іске асыру сатысында тұр. Арнайы экономикалық аймақтарында тиісті инфрақұрылымды құру үшін республикалық бюджеттен қосымша 300 млрд теңгеден астам қаржы қажет. Осыған дейін 398,9 млрд теңге бағытталған. Қазіргі уақытта нысандардың 70%-ы салынған.


Алтынай Казиканова