Қоғам

Ішімдіктен бас тартқан ауыл

 

Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ковыльное елді мекенінің тұрғындары зиянды әдеттен бірнеше жыл бұрын бас тартқан. Осының арқасында, соңғы жылдары бірде-бір қылмыс тіркелмеген, есепте тұрған азаматтар да жоқ.


Здесь жить безопасно, благодаря той политике, которая проводится, т.е. политика «трезвое село»7 Ночами тихо. Даже маленьких детей можно отпустить играть и не беспокоиться.

ДӘУЛЕТ МОЛДАХМЕТОВ, Тахтаброд ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

Көп нәрсе, қылмыс арақ-шарап ішкеннен кейін, көп қылмыс содан жасалады. Осы ауылда өткен жылдары ешқандай қылмыс болған жоқ, тіркелген жоқ.

Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі жергілікті «Ақселеу» серіктестігінде еңбек етеді. Нысандар мен көшелер жарықтандырылып, бейнебақылау жүйесі орнатылған. Ауылда арақ сатылмайды.

БИДАЙЫҚ ҚАСКЕНОВА, жеке кәсіпкер:

Арақ-шарап сатпаймыз. Бүкіл тойлар арақсыз өтеді. Қымыз, сусын, басқа сусындар алады.

Бүгінде ауылда 405 адам тұрады.


Алтынай Казиканова