Қоғам

“Солтүстік” корпорациясының мамандары ардагерлермен кездесті

 

3 млрд 600 мың теңге. Облыстық қазынадан бөлінген бұл қаражатқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатып алынған. Барлығы – 15 мың тонна өнім қазіргі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік және тұрақтандыру қоры серіктестерінің қоймаларында сақтаулы тұр. Корпорация мамандары өңір ардагерлерімен кездесіп, аға буын өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі бағаны бақылау мен оны ауыздықтау турасында болды. Жалпы, қор арқылы дүкен сөрелеріне қойылатын азық-түлік отандық, басым бөлігі – солтүстікқазақстандық өндірушілердің өнімдері.

ҒАМАЛИ ЖҰМАШОВ, “Солтүстік” ӘКК” ҰҚ” АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
– Өзге өңірлерден қорға күріш, күнбағыс майы, тұз, қант жеткізіледі. Қалғаны өзіміздікі. Қордан бөлінген бөлінген азық-түлік қаламен қоса аудандарда да сатылады. Елді мекендердегі дүкендерді бізге жергілікті атқарушы орган ұсынады.


Алдияр Айтпаев

REL POST ID: