Қоғам

Сергей Пресняковпен қоштасу

 

СЕРГЕЙ ПРЕСНЯКОВ,
– Родная моя область составляет большую часть моей жизни. Ближе, роднее, дороже для меня ничего нет. Я об этом помнил, об этом знал. Я чувствовал это. В молодости, когда сражался против фашизма за счастье и благополучие народа. Для этого я и шел и был готов пойти на смерть.

Сергей Пресняков еңбек жолын 39-шы жылы Омбы теміржолы Петропавл станциясында экономист болып бастаған. Соғыс жылдары солтүстік-батыс майданы мен Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысқан. Майданнан оралған соң өңірдің дамуына үлес қосқан.

СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, СҚО әкімінің орынбасары:
–  Сергей Михайлович бар саналы ғұмырын облысымыздың өркендеуіне арнаған. Өмірін партиялық қызметпен байланыстырған. Оның ғылыми зерттеулері де жоғары құрметке лайықты.

Түрлі салада ізденіп, еңбек еткен жанның өмірлік жолында әріптестері мен достары көп болды. Бүгін өңірдің Құрметті азаматын соңғы сапарға шығарып салуға келген қалың көпшілік көздеріне жас алды. Нэлли Иванова партия қатарында ұзақ жылдар бойы Сергей Михайловичпен бірге еңбек еткен. Бүгін ол ардақты әріптесінің адалдығы мен еңбекқорлығын еске алды.

НЭЛЛИ ИВАНОВА, СҚО Құрметті азаматы
–  Біз бүгін ғажап адамды соңғы сапарға аттандырып жатырмыз. Сергей Михайловичты тек біздің өңірде ғана емес, бүкіл Қазақстан білетін. 100 жасқа келіп, бізге қалдырғаны өте көп. Ол өте мәдениетті, білімді жан болған.

Сергей Пресняков – облыстық ардагерлер кеңесінің тұңғыш төрағасы. Ардагерлер қоғамының дамуына зор үлес қосқан. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Корабельников Сергей Михайлович бәріміз үшін үлгі болды дейді.

АНАТОЛИЙ КОРАБЕЛЬНИКОВ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
–  Сергей Михайловичтің есімі Орталық ардагерлер кеңесінің Құрмет кітабына енгізілген. Публицистикалық еңбектерінде тәрбиелік маңызды дүниелер жазылған.

Сергей Пресняковтың әйелімен бірге 3 қыз тәрбиелеп өсірген. Одан 5 немере мен 1 шөбере сүйді.

Самал Жунусова