Құқық қорғау органдары

Өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 17 есірткі қылмысы әшкереленді

2022 жылы өңірде қызметтік иісшіл иттердің көмегімен 680-ге жуық қылмыс ашылды. Мамандардың айтуынша, әсіресе, ессірткімен күресте төртаяқтылардың тигізер пайдасы көп. Былтыр жануарлар заңсыз сақталған есірткілік және психотроптық заттарды іздеуге 18 рет тартылыпты. Нәтижесінде 17 қылмыс тіркеліп, ашылды. Тіпті, бір ит аса ірі көлемге жататын 49 келіден астам марихуана тапқан. Бүгінде солтүстікқазақстандық полиция қатарында 52 ит қызмет атқарып жүр. Олар: неміс және бельгиялық овчаркалар, лабрадорлар, спаниельдер мен ротвейлерлер.


Самал Жунусова