Құқық қорғау органдары

Елік атқан айыртаулықтар 21 млн теңге айыппұл арқалауы мүмкін

 

 

Өңірде заңсыз елік атудың тағы бір фактісі тіркелді. Бұл жолы айыртаулық қос аңшы 2 елікті нысанаға алған. Заң бұзушылықты қырағы учаскелік инспекторлар анықтап отыр. Мамандар орманда жақында ғана өткен шаңғы іздерін байқап, аңшылардың соңына түскен. Көп ұзамай қос тұяқтының етін тауып алады. Полицейлерді байқаған браконьерлер қалың ағаштың ішімен қаша жөнеледі. Олар оқиға орнында ұстатпағанымен қашқындардың біреуін инсекторлар танып үлгерген. Нәтижесінде келесі күні 22 және 28 жастағы қос күдікті қолға түсті. Олардан аңшылық мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленіп алынды. Құқық бұзушылар 6 мың АЕК көлемінде, яғни 21 млн теңгеге тарта айыппұл арқалауы мүмкін немесе 6 жылға бас бостандықтарынан айырылуы ықтимал.


Алдияр Айтпаев