Kurultai banner mobile

Қоғам

Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары трассаларда тексеріс жүргізуде

 

Биыл филиал мамандары республикалық маңызы бар жолдарға 11 рет шығып, тексеріс жүргізген. Шара барысында жолдың дұрыс тазаланбауына қатысты 8 ескерту жасалған. Ескертулер еленіп, олқылық түзетілді.
Трассаларды қардан тазарту ісіне “Қазақавтодор” серіктестігінің 280-ге тарта қызметкері мен 120 техника жұмылдырып отыр. Сондай-ақ, 420 тонна тұз бен 2 мың текше метр құм әзірленген. Әзірге, инертті материалдың 40 пайызы пайдаланылды.


Алдияр Айтпаев