Қоғам

ҰОС ардагері Сергей Пресняков дүниеден озды

 


Ұлы Отан соғысының ардагері, Журналистер одағының мүшесі, өңірдің құрметті азаматы Сергей Пресняков дүниеден озды. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Facebook парақшасы мен Telegram каналында белгілі өлкетанушының жақындарына көңіл айтты. Өткен жылы 100 жылдық мерейтойын атап өткен Сергей Михайловичтің ел дамуына қосқан үлесі орасан зор. Ол 19 жасында майданға шақырылып, Мәскеу түбіндегі, Батыс және Солтүстік Батыс фронттарындағы шайқастарда, 38-атқыштар бригадасы құрамында ерлік көрсетті. Түрлі дәрежедегі наградалармен марапатталған. Сергей Пресняков соғыстан кейін өмірін өлкеміздің тарихын зерттеуге арнаған.


Алтынай Казиканова