Құқық қорғау органдары

Петропавлда 14 жасар қызды көлік қағып кетті

 

Петропавлда 14 жасар қызды көлік қағып кетті. Оқыс оқиға қаңтардың 21-і күні кешкі 6-лар шамасында болды. Сәтпаев көшесі бойында “Toyota Avensis”-ті тізгіндеген 45 жастағы жүргізуші жолдың келесі бетіне белгіленбеген жерден жүгіріп өтпек болған оқушыны соқты. Жеткіншек жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын “орташа” деп бағалап отыр. Аталған факті бойынша жиналған материал тексеріліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.


Дана Ешкенова