Спорт

Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан қола жүлде иеленді

 

Швеция еліндегі Эстерсунд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында шаңғышы Ербол Хамитов парабиатлоннан қола жүлде иеленді. Ол 7,5 км қашықтықты 25 минутта бағындырған. Жарыстың мәре сызығын бірінші болып канадалық спортшы 24-ші минутта кесіп өтті. Екінші орынды АҚШ елінің спортшысы иеленді. Айта кетейік, жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 102 спортшы қатысып жатыр. Елімізден 7 спортшы бағын сынауда. Чемпионат қаңтардың 29-ына дейін жалғасады.


Гульден Симбаева