Қоғам

Қазақстанда қай мамандық сұранысқа ие?

Жылжымайтын мүлік агенттері, әлеуметтік қызметкерлер, күзетшілер, санитарлар, аспаздар, тәрбиешілер мен олардың көмекшілері. Қазақстанда дәл осы мамандықтар аса сұранысқа ие. Сондай-ақ, электронды еңбек биржасының мәліметтері бойынша, өткен жылы жұмыс берушілердің көбі автокөлік жүргізушілерін, сатушыларды, есепшілер мен заңгерлерді көп іздеген. Жалпы, 2022 жылдың желтоқсанында еңбек биржасында 106,1 мың бос жұмыс орны және 36,6 мың түйіндеме орналастырылыпты. Алдыңғы аймен салыстырғанда сұраныс 16%-ға өсіп, ұсыныс 27%-ға төмендеген.


Дана Ешкенова