Ауыл шаруашылығы

Елімізде сүт өнімдерінің бағасы көтерілуі мүмкін

Қазақстанда сүт өнімдері қымбаттауы мүмкін. Сүт одағының басшысы Владимир Кожевников бұған еліміздегі субсидиялау тәсілдерінің өзгеруі себеп екенін айтып отыр. Бұл туралы “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында хабарланды. Кәсіпкердің есептеуі бойынша 1 кг сары май өндіру үшін 22 келі сүт қажет. Ақтың құнын ескере отырып, кәсіпорындардың басқа шығындарын есепке алмағанда, өнімнің тек шикізаттық өзіндік құны шамамен 4 мың теңге болады. Сүт өңдеушілердің айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі саланы қолдау тәсілдерін таңдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет берген ұсынымдарды негізге алған. Онда субсидиялау кезінде кез келген сыбайлас жемқорлық және қаржылық тәуекелдерді жою қажеттілігі айтылған. Жалпы айтқанда, сүт зауыттарының өкілдері субсидиялау механизмін өзгеріссіз қалдыруды және халыққа қосымша шығындарды жүктемеуді сұрайды.


Алтынай Казиканова

REL POST ID: